Астанада Қайрат Сатыбалдыұлының ісі бойынша сот отырысы басталды

0
468

13 наурызда Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Астанада Қайрат Сатыбалдыұлының ісі бойынша сот отырысы басталды

ERNUR.KZ. Елордада Қайрат Сатыбалдыұлының ісі бойынша сот отырысы басталды, деп хабарлады елордалық соттың баспасөз қызметі, деп zakon.kz.

Іс Астана қаласы Байқоңыр ауданының №2 сотында қаралып жатыр.

Қайрат Сатыбалдыұлына "алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы мүліктік зиян келтіру" және "бөтеннің кінәліге сеніп тапсырылған мүлкін иемдену немесе жымқыру" деген бірнеше бап бойынша қылмыс жасады деген айып тағылып отыр.

13 наурызда Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Оның мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.