Бұл «ақылды» технология шұғыл қызмет көліктерінің үйлердің аулаларына кедергісіз кіруіне мүмкіндік береді.
ERNUR.KZ. Елорданың тұрғын үй кешендерінде smart-шлагбаумдар орнатылып, автокөліктердің мемлекеттік нөмірін анықтау жүйесі енгізілуде, деп жазады ҚазАқпарат.
Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгіновтің айтуынша, бұл «ақылды» технология шұғыл қызмет көліктерінің үйлердің аулаларына кедергісіз кіруіне мүмкіндік береді.
«Арнайы мәліметтер базасына енгізілген көліктер smart технологияның көмегімен шлагбаумнан өтіп, аулаға кіре алады. Сонымен қатар тізімді қажет болған жағдайда толықтыруға болады. Одан бөлек, барлық кіріп-шыққан автокөліктер тізімі журналға тіркеледі.
Жыл соңына дейін тұрғын үйлердің 30% дейін smart шлагбаумдармен жабдықтауды жоспарлап отырмыз.
Сонымен қатар «Қауіпсіз аула» бағдарламасы бойынша ауланың аумағында камералар орнату жоспарда бар. Бұл, өз кезегінде қауіпсіздік деңгейін арттыруға септігін тигізеді: ұрлық жасау, бөтеннің мүлкіне зиян келтіру және басқа құқық бұзушылықтар саны азаяды», дейді қала әкімі.