Астанада LRT пойыздары қайдан сатып алынатыны белгілі болды

0
881

City Transportation Systems (CTS) компаниясы Astana LRT-нің жылжымалы құрамы туралы айтты.


Астанада LRT пойыздары қайдан сатып алынатыны белгілі болды

ERNUR.KZ. Белгілі болғандай, оларды көрші Қытайдан сатып алу жоспарлануда, деп жазады stan.kz.

"Қазіргі уақытта Қытайдан жылжымалы құрамды сатып алу жоспарлануда. Өндіріс зауыты - Қытайдағы жетекші автомобиль жасау компаниясы болып табылатын "CRRC Tangshan Co.Ltd"", - деді CTS компаниясының өкілі.

Сондай-ақ компания сатып алынған жылжымалы құрамның сипаттамалары туралы айтты.

"Жылжымалы құрамның қуаты – сағатына 115 киловатт, ең жоғары сыйымдылығы – 600 адам. Оны автоматты басқару үшін "GoA 4" технологиясы қолданылады. Бұл басқару жүйесі электр қуатымен жұмыс істейді", - деді CTS.

Техникалық құжаттамаға сәйкес, Е-60 рельстері қолданылады. Бұл еуропалық стандартты рельс арқалықтары. Ол жоғары қаттылық пен тозуға төзімді көміртекті болаттан жасалған.