Астанада теміржол өткелінде автобус пен пойыз соқтығысты (видео)

0
684

31 тамыз күні таңертең стандартты медициналық тексеруден өтіп, сапқа қабылданды.


Астанада теміржол өткелінде автобус пен пойыз соқтығысты (видео)

ERNUR.KZ. Астанадағы теміржол өткелінде автобус пен пойыз соқтығысты, деп жазады stan.kz.

Желіде көшенің қиылысында (Тайбурыл) автобус пен пойыз соқтығысқан видео пайда болды.

"№30 бағыттың жүргізушісі жол қозғалысы ережесін бұзып, тепловозбен соқтығысты. Полиция жүргізушінің үстінен хаттама толтырды", - деп хабарлады CTS.

Кәсіпорын өкілдерінің айтуынша, жүргізуші жолаушылар көлігінде 30 жыл, ал №1 автобус паркінде 10 жылдан бері жұмыс істейді. 31 тамыз күні таңертең стандартты медициналық тексеруден өтіп, сапқа қабылданды. Жүргізуші жұмыстан алынып, біліктілік орталығына қайта даярлауға жіберілді. Жолаушылар зардап шеккен жоқ.