Астанада теміржол вокзалы маңында ірі өрт болды

0
647

200 шаршы метр жиһаз жасайтын өндіріс цехында дайындалып қойған жиһаз, пластик және резинотехникалық бұйымдар өртенген.


Астанада теміржол вокзалы маңында ірі өрт болды

ERNUR.KZ. Кеше кешке Астанадағы теміржол вокзалына жақын жерде ірі өрт тұтанған. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарады, деп жазады stan.kz.

23 қаңтар күні 21:26 шамасында өрт сөндіру бөлімшесі Дүкенұлы, 31/11С мекенжайында өрт болып жатыр деген ақпарат түскен.



"Барғаннан кейін 1200 шаршы метр жиһаз жасайтын өндіріс цехында дайындалып қойған жиһаз, пластик және резинотехникалық бұйымдар өртеніп жатқаны анықталды. Оқиға орнында өрт сөндіру штабы ұйымдастырылды. Өртке қарсы қызмет өкілдері қызыл жалынның басқа ғимараттарға тарап кетуін алдын алды", – деп мәлімдеді Астаналық Төтенше жағдайлар департаменті.

22:40-та өрт тоқтатылып, 23:19-да толықтай басылды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жау шарпыған аумақта жеке құрамнан 93 адам, астаналық төтенше жағдайлар департаментінің 18 техникасы, сондай-ақ Апаттық медицина орталығы қызметкерлері жұмыс істеді.