"Оңтүстік-Шығыс" шағын ауданындағы өрт кезінде адам шығыны болғанын хабарлады Sputnik Қазақстан Астананың төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
фото: sputniknews.kz
"Оңтүстік-Шығыс" шағын ауданындағы өрт кезінде адам шығыны болғанын хабарлады Sputnik Қазақстан Астананың төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
"1994 жылы туған қыз зардап шекті. Ол оң жіліншігін сындырып алған, №1 қалалық ауруханаға жатқызылды. Өрттен кейін үйінділерді қарау барысында әйел мен баланың мәйіті табылды", — деп хабарлады құтқарушылар.
Өрттің себебі анықталып жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, Астанада "Оңтүстік-Шығыс" шағын ауданындағы үш қабатты коттедж өртенді.