Астанада жас жігіт көшенің қақ ортасында бойжеткенді соққыға жықты

0
599

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде пайда болды.


Астанада жас жігіт көшенің қақ ортасында бойжеткенді соққыға жықты

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде даулы видео пайда болды. Онда әйел көшеде жігіттің қызды ұрып жатқанын айтқан, деп жазады inbusiness.kz.

Видео авторлардың айтуынша, жігіт камераны көргенде ұруды тоқтатқан.

"Мен мұны сіздің ұрғаныңызға дәлел болсын деп видеоға түсіріп тұрмын. Міне, қызды ұрғаныңызға мына әйел куә. Қызды жайына қалдырыңыз. Қазір полиция келеді. Әркім өз ісіне жауап беруі керек", - дейді видео түсіріп тұрған әйел.

Желі қолданушылары жігіттің бұл қылығын сынап, пікір қалдырған.

"Қыздар, мұндай жігіттерден қашыңдар", "Бей-жай өтіп кетпеген адамдарға көп рақмет", "Әскерге жіберу керек", "Қызды қатты қорқытып тастаған сияқты", - деп жазған олар.

Аталған оқиғаға қатысты Астана Полиция департаменті өкілдері ресми жауап бермеді.