Астанада жолақы төлемеген жолаушыларға 30 млн теңге айыппұл салынды

0
1 210

«Астана LRT» Көліктік бақылау департаментінің басшысы Саят Шаймерденов айтып өтті


Астанада жолақы төлемеген жолаушыларға 30 млн теңге айыппұл салынды

ERNUR.KZ. Ағымдағы Астанада автобуста жолақы төлемеген 7 мың жолаушыға 30 млн. теңге айыппұл салынды. Бұл туралы бүгін брифинг барысында «Астана LRT» Көліктік бақылау департаментінің басшысы Саят Шаймерденов айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Жыл басынан бері жергілікті полиция қызметінің мамандары қоғамдық көлікте жолақысын төлеуден жалтарған шамамен 7 мың жолаушыны әкімшілік жауапкершілікке тартты. Салынған айыппұл сомасы шамамен 30 млн теңгені құрайды. Тасымалдаушыларға қатысты да әкімшілік шаралар қабылданады. Бүгінгі күні Жергілікті полиция органдары жіберген материалдардың негізінде жүргізушілер құрамына да шаралар қабылданып, шамамен 900 автобус жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұл көлемі шамамен 12 млн теңгеге жетіп отыр»-, деді ол.

Ал «АстанаLRT» көлік мамандарының біліктілігін арттыру орталығының директоры Жеңіс Жалбырдың айтуынша, барлық жүргізушілер жол қозғалысы ережесі мен тасымалдау ережесін бұзғаны үшін айыппұл төлеген.

«Тасымалдау ережесінде талаптар орындалмаған жағдайда олардың Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығы көзделген. Бүгінгі күні жолдың қарсы бетіне шығып кеткені үшін қоғамдық көліктің 7 жүргізушісі әкімшілік сот шешімімен жүргізуші құқығынан айырылды. Яғни, өзіміздегі видео камералардың көмегімен бұзушылық тіркеліп, материал әкімшілік шара қабылдану үшін Жергілікті полиция қызметіне жіберіледі», - деді ол.