Астанаға жарысқа келген бишілерді тонап кетті

0
1 159

Ер адам киінетін бөлмеде тұрған қаракүзенді ішік пен ұялы телефондарды жымқырған.


Астанаға жарысқа келген бишілерді тонап кетті

Иллюстрациялық фото: ашықдереккөзден

ERNUR.KZ. Астана қаласы "Есіл" ауданының полиция қызметкерлері екі бірдей ұрлыққа қатысы бар күдікті ер адамды ұстады, деп жазады Zakon.kz.

Анықталғандай, ер адам қонақ үйде спорттық жарыстан өтіп жатқан чемпионат қатысуышларының киіну бөлмесінде тұрған қаракүзенді ішік пен ұялы телефондарын қолды қылған.

Жедел іздестіру шараларының барысында полиция қызметкерлері Павлодарда күдікті адамды ұстаған. Ол бұрын сотты болған 36 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Тұтқындалған азамат Астана қалалық ПД уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Ал қолды болған ішік тәркіленіп, иесіне қайтарылды.


Аталған деректер бойынша ҚР ҚК 188-бабына сәйкес (Ұрлық) сот алды тергеу жүріп жатыр. Сонымен қатар ұсталған адамның елорда аумағында жасалған осы сияқты басқа да қылмыстарға қатысының барлығы анықталуда.

Осы адамның құқық бұзушылық әрекеттерінен зардап шеккен немесе қандайда бір ақпарат білетін азаматтар болса Бейбітшілік, 19 мекен-жайында орналасқан Астана қалалық Полиция департаментіне хабарласуы немесе 8 (7172) 71-60-69; 71-60-24 және "102" телефон нөмірлеріне қоңырау шалуы сұралады.