Астаналық жастар айына 5 мың теңгеге пәтер жалдай алады

0
894

"29 жасқа толмаған астаналық жастардан жалға пәтер алуға өтінім «Смарт-Астана» мобильді қосымшасы арқылы қарашаның 5-10 аралығында қабылданады"


Астаналық жастар айына 5 мың теңгеге пәтер жалдай алады

ERNUR.KZ. Елордалық жастарға қолдау көрсету мақсатында алдағы желтоқсан айынан бастап 29-ға толмаған жастарға жалға пәтер беріле бастайды, деп жазады Елорда Инфо.

«29 жасқа толмаған астаналық жастардан жалға пәтер алуға өтінім «Смарт-Астана» мобильді қосымшасы арқылы қарашаның 5-10 аралығында қабылданады. Содан соң, барлық өтініш тексеріледі. Одан кейін өтінім берушілерге тағы бір күн уақыт беріледі, ол өтінім бергенде қандай да бір қателік кеткен болса соны дұрыстауға. Биыл елордада 1-2 бөлмелі 1050 пәтер беріледі. Құрылыс басқармасының мәліметі бойынша, 202 - 2 бөлмелі пәтер, 848 - 1 бөлмелі пәтер берілетін болады. Жас азамат немесе азаматша жалға берілетін пәтерде 5 жыл тұра алады. Яғни 5 жылдан соң пәтерді босату қажет және сатып алу құқығы берілмейді. Себебі ол пәтер баспанаға зәру кейінгі буын жастарына берілетін болады. Ай сайынғы пәтерді жалдаудың құны 5 мың теңгеден 15 мың теңге аралығында болады. Бұл жерде ақысы пәтердің көлеміне қарай белгіленеді», - деді қалалық әкімдікке қарасты «Тұрғын үй» қорының директоры Нұрсұлу Қожахметова әкімдікте өткен баспасөз мәслихатында.