Ескі білім шаңырағы осыдан 44 жыл бұрын бой көтерген.
Алматы облысына қарасты Сарқан ауданындағы Кәкімжан Қазыбаев ауылының тұрғындары Үкіметке үміт артып отырғылары келмейді. Жергілікті жұрт өз қаражаттары есебінен мектеп салып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.
Ескі білім шаңырағы осыдан 44 жыл бұрын бой көтерген. Сондықтан, балаларының заман талабына сай білім ордасында оқығанын қалаған ата-аналар жаңа ғимарат тұрғызуды жөн көрдік дейді.
Кәкімжан Қазыбаев ауылындағы бастауыш сыныпқа арналған мына мектепте 21 бала оқиды. Бұрын колхоздың конторы болған бұл ғимарат талапқа да сай емес. Нысан әбден ескірген. Қабырғалары да сөгіде бастапты. Оның үстіне әр сыныпта пеш орнатылған. Қауіпсіздік мәселесі өзекті болып тұр.
Мектебіміз біздің бұрынғы не бойынша, 3 жерден от жанап, өздеріңіз көріп тұрсыздар. Мектебімізде 3 мұғалім бар. Былтырғы оқу жылында 30 бала оқыған. Оның сегіз оқушысын біз үлкен бізде тегі бастауыш мектеп болғандықтан, Қазыбаев орта мектебіне бестен жоғары сыныптарға жібердік. Қазіргі кезде 21 баламыз бар. Негізі, болашақта бізде бала өсімі жақсы. Келесі жылдары да баланың саны көбеюде, - деді Ағарту бастауыш мектебінің меңгерушісі Қарлығаш Сәтбаева.
Ауыл тұрғындары жаңа мектеп сал керек деп тиісті мекемелерге бір емес, бірнеше рет барған. Алайда, біраз күту керек екен. Өйткені, Сарқан ауданында 30 білім ордасы болса, соның алтауы осындай бейімделген нысан. Әзірге екеуінің ғана сметалық-жобалау құжаттары жасалаған. Осыны ескерген жергілікті жұрт кезек келгенін күтпей, өздері жаңа мектептің құрылысын бастауды жөн көріпті.
«Сходта мына мектебімізді жөндеп беріңіздерші деген өтініш түскен. Содан ауылдың тұрғындары қолдап, өз күшімізбен жаңадан салып берейік деген шешім қабылдадық та, соған кірісіп жатырмыз», - деді К.Қазыбаев ауылының тұрғыны Тоқтарбек Төлепбеков.
Бастауыш мектептің құрылысы көктемде басталған. Әзірге қабырғасы қаланып, шатыры жабылыпты. Барлық шаруаны ауылдағы ер азаматтар атқарып жатыр. Енді есік-терезесі орнатылып, сылау, әрлеу жұмыстары жүргізілмек.
«Осы ауылдың азаматтарының қолдауымен мына жиналған қаражат 5 млн-нан астам қазірге шейін қаражат жиналды. Соның график бойынша, график бойынша үлгеріп істеп келе жатырмыз соны жеткізіп. Ал, енді, біздің техника, не адам күші, бәрі өзімізден болғандықтан, сол 5,5 млн соған жетіп тұр. Енді, сонша ақша керек болып тұр ғой. Урожай жинағаннан кейін келесі жылы осыншама жинап, келесі жылға береміз деп пландап отырмыз», - деді К.Қазыбаев ауылының тұрғыны Талғат Далабайұлы.
Ауылдың азаматтары жаңа мектеп салуды өздері бастады. Бірақ, дегенмен де, олар салып болғаннан кейін ғана бізге жаңағы сыйлық ретінде тартпақшы. Бұл бағытта құжаттары жасалып жатыр. Енді, негізінен, ауыл азаматтары өздері бастағаннан кейін, ауылдың әкімі бар, солар өздері басшылық жасап жүр, - дейді Сарқан аудандық білім бөлімінің басшысы Панара Иманғазиева.
Бастауыш мектеп мәселесі келесі жылы шешілмек. Ал, 5 пен 11-сыныптағы 25 оқушы әдеттегідей 5 шақырым жердегі Бақалы ауылына қатынап оқи береді. Олар үшін де жергілікті азамат арнайы көлік алып берген. Тіпті, округ тұрғындары бұған дейін бірігіп, жеке қаражаттарына фельдшерлік пункт пен мешіт те салдырыпты.