"Ата-анасы вакцина алмаған балалар балабақшаға жіберілмейді": ДСМ желідегі ақпаратқа түсініктеме берді

0
536

ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіндегілер бұл ақпаратқа қатысты түкініктеме берді.


ERNUR.KZ. Желіде Шығыс Қазақстан облысында ата-анасы коронавирусқа қарсы вакцина алмаған ата-аналардың балаларын балабақшаға қабылдаудан бас тартылғаны туралы хабарлама тарады, деп жазады stopfake.kz.


ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіндегілер бұл ақпаратқа қатысты түкініктеме берді.

«ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 14.07.2021 жылғы №32 «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысында мектепке дейінгі балалар мекемелеріне баратын балалардың ата-аналарын вакцинациялау туралы мәселе қозғалмайды. Балалар мектепке дейінгі мекемелерге шектеусіз барады», – деп хабарлады ведомстводан.

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 14 шілдедегі қаулысында соңғы 3 ай ішінде тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар немесе COVID-19 ауырғандарды қоспағанда, COVID-19 қарсы вакцина алмаған адамдар күндізгі бөлімде жұмыс істеуге жіберілмейді делінген. Бұл талап білім беру және тәрбиелеу ұйымдарының, оның ішінде оқу-өндірістік комбинаттардың білім беру дамыту және түзету орталықтарының және басқа да мектептен тыс ұйымдардың қызметкерлеріне де қатысты.

Алайда, аталған білім беру мекемелеріне баратын балаларға және олардың ата-аналарына вакцинация туралы талаптар қолданылмайды.