Атырау облысында 30 гектар қамыс өртенді

0
542

ТЖД және "Құрманғазы ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау мекемесі" КММ қызметкерлері 21 га жердегі өртті ауыздықтады.


Атырау облысында 30 гектар қамыс өртенді

ERNUR.KZ. Оқыс оқиға 26 наурыз күні сағат 16:55-те болған, деп жазады baq.kz.

26 наурыз күні сағат 16:55-те Бірлік ауылынан 20 шақырым қашықтықта орналасқан Қиғаш өзенінің жағалауында қамыс жанып жатқаны туралы шақырту түсті. Өрт сөндіру бөлімшесі шақырту орнына жеткен кезде "Құрманғазы ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау мекемесі" КММ аумағында қамыстардың жанып жатқаны анықтады. Өрт жалпы ауданы 30 га аумақты шарпыды. ТЖД және "Құрманғазы ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау мекемесі" КММ қызметкерлері 21 га жердегі өртті ауыздықтады. Ал 9 га өрт өздігінен өшкен. Жалпы өрт сағат 21:30-да толықтай жойылды. Зардап шеккендер жоқ.

Аймақтың қол жетімділігі қиын болғандықтан, өрт хлопушкалармен сөндірілді. Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД, "Құрманғазы ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау мекемесі" КММ 31 қызметкері, 1 техникасы, 5 мотопомпасы, 4 қайығы жұмылдырылды. Құрметті облыс тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауларыңыз сұралады, - делінген ведомство хабарламасында.