Сегізі Атырау қаласынан, 1 адам – Жылыой ауданынан, ал 1 науқас – Теңіз кенішінің жұмысшысы.
Өткен тәулікте Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 10 адам анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қауіпті дертке шалдыққандардың сегізі – Атырау қаласынан, 1 адам – Жылыой ауданынан, ал 1 науқас – Теңіз кенішінің жұмысшысы. Айталық, бес науқаста дерт симптомды, қалған бесеуінде симптомсыз өтуде.
Айта кетейік, өткен тәулікте облыс бойынша 57 адам қауіпті инфекциядан жазылып шықты.
Айта кетейік, өткен тәулікте облыс бойынша 57 адам қауіпті инфекциядан жазылып шықты.