Атырау облысында футбол матчы адам өлімімен аяқталды

0
568

Қайғылы оқиға 4 қаңтарға қараған түні Қызылқоға ауданы Сағыз ауылында болған.


Атырау облысында футбол матчы адам өлімімен аяқталды

ERNUR.KZ. Атырау облысында ауыл тұрғындары арасында өткізілген футболдың соңы кісі өлімімен аяқталды, деп хабарлайды Stan.kz

Қайғылы оқиға 4 қаңтарға қараған түні Қызылқоға ауданы Сағыз ауылында болған. Ауыл жастары жергілікті спорт кешенінде футбол ойнау үшін жиналып, ойы соңы төбелеске ұласқан. Салдарынан бір адам ауруханаға жеткізілген. Ал, екіншісі жақында ғана әскерден оралған 22 жастағы жігіт пышақ жарақатынан көз жұмғаны анықталды.

Қылмыс жасады деген күдікпен 24 жастағы ауыл тұрғыны ұсталды. Оған қатысты "Адам өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Бұл фактіні өңірдің полиция департаменті растады.