Атырау облысында кәріз құдығын жөндеп жатқан 2 жұмысшы көз жұмды

0
588

Кәріз құдығының тереңдігі - шамамен 7-8 метр.


Атырау облысында кәріз құдығын жөндеп жатқан 2 жұмысшы көз жұмды

ERNUR.KZ. Атырау облысында кәріз құдығына құлаған 2 жұмысшы көз жұмды, деп жазады ҚазАқпарат.

Оқиға бүгін, 13 шілдеде Жылыой ауданындағы Жаңа Қаратон кентінде болған. Бұл деректі «Жылыой Су» мекемесі растады.

«Бүгін Жылыой ауданында жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде «Жылыой Су» мекемесінің 2 жұмысшысы кәріз құдығында қаза тапты. Атырау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы осы жағдайды тексеру бойынша арнайы комиссия құрды», - деп хабарлады коммуналдық мекемеден.

Жылыой аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Нариман Өтешовтің айтуынша, жұмысшылардың құдыққа құлағаны туралы хабар 9:42-де түскен. Хабарды Жаңа Қаратон кентінің тұрғындары берген.

Кәріз құдығының тереңдігі - шамамен 7-8 метр. Екі жұмысшы жөндеу жүргізу кезінде құдыққа құлап кеткен. Жөндеу жұмысына негізінен 5 адамнан тұратын бригада тартылған.

«Жылыой Су» мекемесі қаза тапқан жұмысшылардың отбасына материалдық көмек көрсетеді.