Атырау облысында малшы айдаладан зымыран снарядын тауып алған

0
651

Оқиға орны қоршауға алынды.


Атырау облысында малшы айдаладан зымыран снарядын тауып алған

ERNUR.KZ. Атырау облысы Құрманғазы ауданы Сүйіндік ауылынан үш шақырым жерде қой бағып жүрген малшы зымыран снарядының корпусын тауып алған, деп жазады inbusiness.kz.

Оқиға 24 қыркүйекте сағат 14:35 шамасында Сүйіндік ауылынан 3 шақырым жерде болған.

Құзырлы орган өкілдері аумақты қоршауға алған. Қазіргі кезде зымыранның атауы мен техникалық сипаттамалары әлі анықталып тергеу шараларын жүргізіп жатыр. Оқиға орнына Атыраудан облыстық полиция департаментіне қарасты "Арлан" арнайы жасағының саперлері барған.

Сүйіндік ауылдық округінің әкімі Данияр Сабировтың айтуынша, оқиға туралы барлық құзырлы органға хабарланған.

Зардап шеккендер жоқ.