Атырау облысында пойыз су басқан ауданның тұрғындарын тегін тасымалдайды

0
727

Пойыздардың қозғалысына қауіп төндіретін суды бұру бойынша шұғыл іс-шаралар қабылданып жатыр.


Атырау облысында пойыз су басқан ауданның тұрғындарын тегін тасымалдайды

ERNUR.KZ. Су тасқынына байланысты Атырау мен Құлсары арасында жолаушыларды тегін тасымалдайтын пойыз қатынайды, деп жазады sputnik.kz.

Су тасқыны салдарынан Құлсары – Доссор жолында көлік қозғалысы тоқтаған. Азаматтарды әкету үшін арнайы пойыз бағыты ұйымдастырылды.
"5 сәуір сағат 10:30-да бес вагоны бар пойыз Құлсары станциясынан Атырауға аттанады. Кері бағытта Атыраудан Құлсарыға пойыз сағат 19:00-де жөнелтіледі. Шоқпартоғай және Мақат станцияларына аялдау жоспарланған", - делінген хабарламада.
Айта кетері, пойыз жолаушыларды тегін тасымалдайды.
ҚТЖ теміржолдың барлық бөлімшесі күшейтілген режимге ауыстырылғанын атап өтті. Айналма жолдар жүргізіліп, су жиналатын орындар анықталды, жер төсемі, көпірлер, су өткізгіш құбырлар мен дренаждық құдықтардың жай-күйін бақылау жөніндегі шаралар күшейтілді. Пойыздардың қозғалысына қауіп төндіретін суды бұру бойынша шұғыл іс-шаралар қабылданып жатыр.
Қажетті құрал-жабдықтары мен материалдары бар 45 шайып кетуге қарсы пойыз толық дайын, деп мәлімдеді ҚТЖ-дағылар.
Анықтамалық ақпаратты "1433" тегін нөмірі арқылы алуға болады.
Естеріңізге сала кетейік, Атырау облысы Жылыой ауданында су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланды. Құлсары – Жылыой ауданының орталығы.