Атырау облысында жантүршігерлік жол апатынан 7 адам көз жұмды

0
324

Екі автокөліктің жүргізушілері бұрын бірнеше рет көлік жылдамдығын шамадан тыс арттырғаны үшін жауапқа тартылған.


Атырау облысында жантүршігерлік жол апатынан 7 адам көз жұмды

ERNUR.KZ. Атырау облысында екі көлік соқтығысып, 7 адам көз жұмды, деп жазады sputnik.kz.

16 шілде күні сағат 15:00 шамасында Доссор-Құлсары-Бейнеу тасжолының 82-шақырым тұсында "Chevrolet Cobalt" маркалы автокөлік қарсы бағытта келе жатқан Toyota Ipsum автокөлігіне соқтығысқан.
Салдарынан Chevrolet Cobalt көлігінің жүргізушісі мен 4 жолаушысы, Toyota Ipsum көлігінің жүргізушісі мен 1 жолаушысы оқиға орнында қаза тауып, түрлі дене жарақатын алған 2 жолаушысы Жылыой аудандық ауруханаға жеткізілді.
"Аталған екі автокөліктің жүргізушілері бұрын бірнеше рет көлік жылдамдығын шамадан тыс арттырғаны үшін жауапқа тартылғаны анықталды", - деді Атырау облысы полиция департаменті жанындағы патрульдік ротасының командирі полиция капитаны Әділбек Шахметов.
Қазіргі уақытта тиісті іс-құжаттар жинақталуда.