"Ларгус" және УАЗ автокөліктері бетпе-бет соқтығысқан.
ERNUR.KZ. Атырау облысында жол апатынан ерлі-зайыпты мен олардың сәбиі қаза тапты, деп жазады sputnik.kz.
Қайғылы оқиға 9 наурыз күні республикалық маңызы бар Ақтөбе-Атырау-Астрахань тас жолының 551 шақырымында болды. "Ларгус" және УАЗ автокөліктері бетпе-бет соқтығысқан.
Салдарынан 1990 жылғы жүргізуші, 1994 жылғы және 2022 жылғы жолаушылар қаза тапты. Олар бәрі "Ларгус" көлігінде отырған.
УАЗ-дың үш жолаушысы түрлі дене жарақатымен облыстық ауруханаға жеткізілді.
Жол апатынан бүтін бір отбасының – әкесі мен анасы және жасқа толмаған қызының қаза болуына байланысты Атырау облысының полиция департаменті тұрғындарға бейнеүндеу жолдады.