"Өңірдегі электр тапшылығы мәселесі осы күнге дейін шешілмеген".
ERNUR.KZ. Атырау облысында электр қуатының тапшылығы сезілуде. Екі күннен бері бұл өңірдің жартысына жуығы, соның ішінде облыс орталығы, аудандар, өндірістік және әлеуметтік маңызы бар нысандар жарықсыз отыр, деп жазады Zakon.kz.
Бүгін қаладағы жеті балабақша жарық пен жылудың болмауына байланысты балаларды қабылдамаған. 1 желтоқсанда олар электрден, сонымен бірге судан ажыраған, мұнайлы астананың сол жағалауында жарық жоқ, ал 2 және 3 желтоқсанда оң жағалау да жарық сөндіріле бастады. Жергілікті билік, әзірге қанша үйлер мен нысандар электр жарығынсыз қалғанын айтпай отыр. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылғандай, жылу электр станциясындағы апат және "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС-нің энергиямен қамсыздандыру деңгейінің төмендеуі себеп, осыған байланысты бұл аймақ шамамен 55 мегаватт жоғалтқан.