Атырауда 1 қыркүйекте жол жүру тегін болады

0
680

Атырау әкімі Шәкір Кейкин әлеуметтік желідегі парақшасында тұрғындарға ыңғайлы болу үшін 1 қыркүйекте қалалық автопарктермен қоғамдық көлікте тегін тасымалдауға келіскенін хабарлады.


Атырауда 1 қыркүйекте жол жүру тегін болады

ERNUR.KZ. Атырауда 1 қыркүйекте жол жүру тегін болады, деп жазады tengrinews.kz.

Атырау әкімі Шәкір Кейкин әлеуметтік желідегі парақшасында тұрғындарға ыңғайлы болу үшін 1 қыркүйекте қалалық автопарктермен қоғамдық көлікте тегін тасымалдауға келіскенін хабарлады.

"Бұрыннан да мемлекеттік мереке күндері автобустарға тегін жүру акциялары іске алып келе жатырғанын өздеріңіз білесіздер. Осыған байланысты өзімнің тарапымнан оқу жылының алғашқы күнінің маңыздылығын ескеріп, ата-аналар мен оқушылардың, мұғалімдер мен басқа да қала тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында автобуста тегін қатынау туралы "Ақжайық", "Атырау", "Алғабус" автопаркі басшыларына ұсыныс білдірген болатынмын. Аталған автопарк басшылары ұсынысымды бірауыздан қолдап, 1 қыркүйекте Атырау қаласы және қалаға қарасты елдімекендерге қатынайтын барлық маршруттағы автобустардың тегін қызмет көрсетеуге дайын екенін айтты", - деп жазды қала әкімі.

Әкім мектеп табалдырығын аттағалы тұрған оқушыларды, ұлағатты ұстаздар мен ата-аналарды Білім күнімен құттықтап, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.