Бала 10 маусымда кешкі сағат 18:00 шамасында із-түссіз жоғалып кеткен.
ERNUR.KZ. Кеше кешкісін жоғалып кеткен баланың өлі денесі Жайық өзенінен табылды, - деп жазады Egemen.kz.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті. Бүгін, 11 маусымда түнгі сағат 01:56-де 11 жасар баланың жоғалғаны туралы хабар түсіпті. Жоғалған бала Атырау қаласының маңындағы Еркінқала-2 кентінде тұрған.
Ол кеше, 10 маусымда кешкі сағат 18:00 шамасында із-түссіз жоғалып кеткен.
"Іздестіру кезінде бала тұрған ауданның барлық төңірегі тексеріліп, жергілікті тұрғындардан сұрастырылды. Жайық өзенінің жағалауынан велосипед пен баланың заттары табылды. Ал, сағат 8:10-да департаменттің Жедел-құтқару жасағының 5 қызметкері, 1 техника, 1 кинологиялық құрам, 1 жүзу құралымен Жайық өзені тексерілді. Өкінішке орай жоғалған баланың денесі өзеннің суға түсуге жабдықталмаған жерінен шығарылды", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.