Бұл – соңғы екі күнде тіркелген екінші дерек.
ERNUR.KZ. Атырау қаласындағы орталық көпірден 24 жастағы йел Жайық өзеніне секіріп кетті. Оны төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері құтқарды, деп жазады inform.kz.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобы бүгін, 13 қарашада болған оқиғаны растады.
«Департаменттің диспетчерлік пультіне сағат 15:00-де Атырау қаласындағы орталық көпірінен белгісіз әйелдің секіргені туралы хабар түсті. Оқиға орнына жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жедел жетті. Жергілікті уақытпен сағат 15:07-де құтқарушылар Берікқали Айдаров, Ернар Әнуарбеков Айдын Бағыт әйелді құтқарып, Жайық өзенінің жағасына шығарды, Құтқарылған 1999 жылғы әйелді жедел жәрдем бригадасының қызметкерлеріне тапсырды», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Қазір әйелдің жағдайы қалыпты деп бағаланып отыр. Ол дәрігерлердің бақылауына алынды.
Құтқару жұмысына Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінен 3 құтқарушы, 1 жүзу құралдары тартылды.
Бұл – соңғы екі күнде тіркелген екінші дерек. Кеше, 12 қарашада БҚО-ның 30 жастағы тұрғыны көпірден секіруге оқталған еді.
Көрші облыстың тұрғынын патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Данабек Сақуов пен Болатбек Әзімов, көлік жүргізушілерінің көмегімен құтқарып қалды.