Тәрбиеші жұмыс орнында кішкентай балаға қол көтерген.
ERNUR.KZ. Атырауда Жұлдыз мөлтек ауданындағы балабақшада төтенше жағдай болды, деп жазады tengrinews.kz.
"10 шілдеде 16:00 шамасында Атырау қаласы Жұлдыз мөлтек ауданындағы балабақша тәрбиешісі жұмыс орнында кішкентай балаға қол көтерді. Осылайша, баланың денсаулығына зиян келтірген", - деді облыстық соттың баспасөз қызметіндегілер.
Атырау қаласы мамандандырылған әкімшілік соты балабақша тәрбиешісіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 73-1-бабы, 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғады. Сот үкімімен тәрбиеші әкімшілік құқық бұзғаны үшін кінәлі деп танылды. Ол 26 513 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл төлеуі тиіс.