Қайырымдылық шарасы аясында еріктілер 500 -ден астам денсаулық себетін дайындаған.
Акцияның мақсаты – 4 айға жуық уақыт бойы өз өмірін қатерге тігіп, бүгінгі қоғамның батырына айналған ақ халатты абзал жандарға жастар атынан алғыс білдіру, деп хабарлайды ERNUR.KZ Атырау облысының коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Қайырымдылық шарасы аясында еріктілер 500 -ден астам денсаулық себетін дайындаған. Аталған көмек аудандарға да жеткізілетін болады. Акцияның алғашқы күнінде 100 дәрігерге денсаулық себеті табыс етілді. Жиынтық иммунитетті арттыру және нығайтуға арналған өнімдерден құралған.
"Жаһанды шарпыған COVID-19 індеті ешкімді бей-жай қалдырып жатқан жоқ. Әсіресе, алдыңғы шепте қызмет етіп жүрген "ақ халатты" батырларымызға оңай емес. Оларға аз да болсын көмегіміз тисін деген ниетпен, осы акциямызды ұйымдастырып отырмыз", - дейді «Жас Отан» жастар қанатының Атырау облыстық филиалының төрағасы Ринат Гилажев.
Акцияның алғашқы күнінде жасотандық еріктілер облыстық аурухана мен №2 жұқпалы аурулар ауруханасына денсаулық жиынтығын табыстады.