Атырауда ер адамды азаптады деген бес полицейдің ісі сотқа жіберілді

0
586

​Азаптауға қатысты қылмыстарды тек прокуратура органдары тергейді.


Атырауда ер адамды азаптады деген бес полицейдің ісі сотқа жіберілді

ERNUR.KZ. Атырау облыстық прокуратурасы азаптаулар жасады деген күдікпен Атырау қалалық полиция басқармасының 5 жедел уәкіліне қатысты қылмыстық істі сотқа жолдады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Облыстық прокуратура хабарлауынша, биылғы қаңтардан бастап азаптаулар туралы қылмыстарды тек прокуратура органдары тергейді.

«Күдіктілер ақпанда алдын ала сөз байласып азамат Р-ға қылмысты мойындату мақсатында анықтаудың рұқсат етілмеген әдістерін қолданып, тән және психикалық зардап келтірді деген күдікке ілінді», - делінген ведомство хабарламасында.

Құзырлы орган еліміздің Ата заңы кепілдік бергендей, ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды және заңды негіздерді қоспаған жағдайларды қылмыстық қудалау орбитасына тартуға жол берілмейді.