Үй иесі олардың көлігін есте сақтап қалған.
ERNUR.KZ. Атырауда төрт ер адам таңертеңгі уақытта пәтерлердің біріне кіріп, үй иесін пышаққа ұқсаса затпен қорқытқан. Күдіктілер үйдегі барлық ақша мен телефонды қолды етіп, оқиға орнынан қашып кеткен деп жазады NUR.KZ.
Ал ұрылар бой тасалаған сәтте әйел үйінің тоналғаны жайлы полицияға хабар береді.
Үй иесі олардың көлігін есте сақтап қалған.
Жедел іздестіру барысында үй тонаушылар қолға түсті. Қазір олардың барлығы қамауға алынған.