Бірақ білім ошақтары жұмыстарын жалғастыра береді, дейді дәрігерлер.
ERNUR.KZ. Соңғы екі аптада Атырау облысы бойынша 500-ге жуық тұрғын коронавирус жұқтырды. Өткен бір күнде 75 адам тіркеліп отыр, 288 науқас ем алып жатыр, деп хабарлайды Хабар24.
Бүгіннен бастап базарлар мен ірі сауда орындары алты күндік жұмыс жүйесіне көшірілді. Сондай-ақ мекеме кәсіпорындардағы жиналыстар шектелді. Олардың жұмысын арнайы мониторингтік топ қадағалайды. Жұқпалы індет мектеп оқушылары арасында да көбейген. Бүгінде облыстағы 14 мектептен ауру белгілері анықталған. Бір мектепте екі сынып карантинге жабылды.
- Соңғы аптада аурудың симптомды жағдайлар көбейді Оның ішінде Атырау қаласында. Мектептер қазір 1-5 кластар бұрынғы форматта оқып жатыр. Сосын оқу бітіретін 9-11-12 кластар 70 процентке дайын штаттық режимде, қалғандары 30 проценті онлайн режимде оқиды. Бірақ барлығы да бір кабинеттік жүйеде оқиды. Мектептерде сақтық шараларын қатаң сақтау керек, - дейді облыстың бас санитарлық дәрігерінің орынбасары Амантай Жұмағалиев.