Адамдар әлсіздік, бас ауру, ішінің өтуі жүрек айнуына шағымданған.
ERNUR.KZ. Атыраулық отбасы мереке қарсаңында "Халал" дүкеннен ет сатып алып, қонақ шақырған. Дастарханға қойылған асылған еттен ауыз тигеннің бәрі уланып, дәрігерге жүгінуге мәжбүр болған, деп хабарлайды Астана телеарна.
Атыраулық Зоя Сатқанғалиева мереке қарсаңында дүкенінен 50 мың теңгеге 26 келі ет сатып алған. Ет асып, оны алдына қойған қонақтар да астан уланғандарын айтып шағымданыпты.
Тек қана үй ішіммен ішкен жоқпын, бүкіл қонақтармен. Қонақтан барған кісіге қара бетті айтсайшы бәрі-бәрі Зояның үйіне барып, бәрі іш ауру болып. Өлмегенге шүкір. Мен адамнан көрмеймін, сатуушыдан да көрмеймін, әңгіме малды сойып әкелетін жерден ауру жабысып отыр ма білмеймін ал, - дейді тұрғын Зоя Сатқанғалиев.
Екі рет жедел-жәрдем келгенімен, еш ем-дом көрсетпеді деді зейнеткер. Учаскелік дәрігер берген дәрі-дәрмекпен бетім бері қарады,- деп отыр. Алайда іш ауруы мен әлсіздік әлі де бойын жазғызбай отырғанын жеткізді.
Барған кезде жағдайы орташа ауыр дәрежеде болды. Әлсіздік, бас ауру, ішінің өтуі жүрек айнуына шағымданды. Шағымдарды ескере отырып, алдын ала диагноз қойдым ішек инфекциясы деп. Желтоқсан, қаңтар айында осындай шағыммен 4-5 адам шағымданмен жүгінді маған. Тамақтың ішінде всегда ет. Халал магазинінен деп маған айтқан науқастар болды, - дейді геолог емханасының жалпы тәжірибелік дәрігері Дәурен Жомартов.
Халал дүкеннің иесі «еттен улану мүмкін емес»,- деп отыр. Жаңа жыл қарсаңында он бас ірі қара саттым деген Мерғұлан Сұлтанғалиев ветеренарлардың берген анықтамасын жайып салды.
Халық бәрі алып жатыр. Мал базарынан сойғызамыз. Справкасы бар. Бір сиырды түгел ол кісі алған жоқ. бәрі де алды халықтың, екі жылдан бері ет сатамыз мына жерде. Біреу келіп шағым жасаған жоқ әлі. Етті алып келсін, экспертиза қағазын алып келу керек қой. Мал ауру ма? Мен деген ауру мал даладан әкеп сойып жатқан жоқпын. Убойный цехтан сойғызамыз. Анықтамалары бәрі бар зертханадан тексереді ғой, - дейді жеке кәсіпкер Мерғұлан Сұлтанғалиев.
Сол күні қонақ күтуге келген қызы Лаураның да отбасы дәл осылай ауырған. Алайда балаларды үйден емдедім,-дейді ол.
Мына қызым, сосын мына қызым. Сосын мен ауырдым. Жолдасым да ауырды да, үкіметтің жұмысы болған соң дәрі ішіп кетіп қалды. Санэпидке хабарласқан кезде, бір-біріне сілтелеп, аяқтай келіңіз деп. Аяқтай баратын жағдайда емес Етті ме, ме, санэпидті ме қозғауыңызды сұрап отырмыз, - дейді тұрғын Лаура Бағытжанова.
Астан ушынған отбасы мүшелері аяқтан тұрған соң, қалған етті сараптамадан өткізбекші. Сараптамадағылар оған да біршама қаражат қажет екенін ескертіпті.