Оқыс оқиғадан ешкім жардап шекпеген.
ERNUR.KZ. Атырауда полицейлер өртеніп жатқан көпқабатты үйден 30 тұрғынды құтқарды, деп жазады inbusiness.kz.
Облыстық полиция департаментігінің дерегінше, 30 қаңтарда кешкі сағат 17:30-да Вокзал маңы, 3 мөлтек ауданындағы көпқабатты үйдің бірінші қабатында газ құбыры жарылып, өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.
"Өрттің шыққанын полицейлер байқаған.Олар 30 тұрғынды қауіпсіз жерге көшірген. Сондай-ақ тәртіп сақшылары өртеніп жатқан пәтерде ұйықтап қалған ер адамды алып шықты", - деп жазылған хабарламада. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеген.