Атырауда педагог мамандығына облыс әкімдігінен бөлінетін грант саны көбейді

0
1 162

Атырау облысы бойынша мектептерге 472 педагог жетіспейді. Оның ішінде, ​ 74 бастауыш сынып мұғалімі қажет.


Атырауда педагог мамандығына облыс әкімдігінен бөлінетін грант саны көбейді

Атырау облысы әкімі Махамбет Досмұхамбетов педагог мамандығына облыс әкімдігінен бөлінетін грант саны көбейгенін айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ Атырау облыстық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Атырау облысы бойынша мектептерге 472 педагог жетіспейді. Оның ішінде, 74 бастауыш сынып мұғалімі қажет. Осы орайда, педагог мамандығына облыс әкімдігінен бөлінетін грант саны артып отыр.
«Ұстаздардың әлеуметтік жағдайына айрықша мән беріп отырмыз. Олардың жалақысы, тұрғын үй және жас мамандарды жұмысқа тарту мәселесі назарда тұр. Сонымен бірге, 14 шағын жинақты мектептердегі (Құрманғазы ауданы бойынша - 12, Исатай ауданы бойынша - 1, Қызылқоға ауданы бойынша - 1) 880 оқушыны штаттық режимде оқыту бойынша дайындық жұмыстары ұйымдастырылуда, - деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов журналистермен арада өткен брифингте.
Айта кетелік, жаңа оқу жылында Атырау облысындағы білім беру мекемелеріне 101 жас маман келеді. Оның ішінде, 20-сы бастауыш сынып мұғалімі және аудандарға «Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы 20 маман келеді деп күтілуде.