Атырауда рестобар күзетшілері қызды жабылып соққыға жыққан (видео)

0
371

Күзетшілер оған қырындап, таныспақ болған, бірақ қыз олардың ұсынысын қабыл алмаған.


 Атырауда рестобар күзетшілері қызды жабылып соққыға жыққан (видео)

ERNUR.KZ. Атырауда 11 шілде күні "SOLVE" рестобарының бірнеше қызметкері барға келген қызды соққының астына алған. Бейнежазба желілерге таралды, деп жазады stan.kz.

Айназ есімді жәбірленуші оқиғасын өз Instagram парақшасында айтып берді. Айтуынша, күзетшілер оған қырындап, таныспақ болған, бірақ қыз олардың ұсынысын қабыл алмаған. Содан кейін олар қызға өштесіп, мазақтап, мазасын алған.

“Таңғы сағат бес шамасында бардан шығып, телефонмен сөйлесу үшін кіреберіске шықтым, содан кейін күзетшілер мені кіргізбеді, дөрекілік танытып, "кетіп қалш мыңа жерден, сені ешкім кіргізбейді” деді, мен олардың құқығы жоқ екенін айтып, әкімшіні шақыруды сұрадым”, – деді қыз.

Алайда олар әкімшіні шақырмаған. Қыз кіреберіс арқылы кірмек болған кезде бір топ ер адам оған шабуылдап, күш қолданған.

“Бетімнен бірнеше мәрте ұрды, соққыдан кіреберістегі кафельге басымды соқтым. Мені әрі қарай итеріп, қуып шықты. Алайда бір күзетші артымнан жүгіріп келіп, ұрып-соғуын жалғастырды, отырған кезімде басымнан тепкіледі”, – деді жәбірленуші Айназ.

Айтуынша, полиция қызметкерлері келгенше қаскөйлер қашып кеткен және әкімші бейнебақылау камераларынынң жазбасын көрсетуден бас тартқан. Тек екі күннен кейін жазбаларды көру мүмкін болды.

Атырау облыстық полиция департаменті күдіктілердің ұсталғанын мәлімдеді.

“11 шілде күні Атырау қаласындағы рестобарлардың бірінде азаматты ұрып-соғу дерегіне қатысты Қылмыстық кодексінің 293-бабы 2-бөлігі “Бұзақылық” бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер анықталды. Жәбірленушіге сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды”, – деп мәлімдеді ПД.