Орталық дарынды балалармен жұмысты жоспарлау, таланттыларды анықтап, оларды педагогикалық-психологиялық сүйемелдеу сынды қызмет түрлерін жүзеге асырады.
Атырау облыстық білім беру басқармасының «Таланттарды анықтау және қолдау орталығы» жұмысын бастады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Атырау облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Орталық дарынды балалармен жұмысты жоспарлау, таланттыларды анықтап, оларды педагогикалық-психологиялық сүйемелдеу сынды қызмет түрлерін жүзеге асырады. Сондай-ақ, республикалық, халықаралық деңгейлердегі жалпы білім беретін пәндер бойынша зияткерлік іс-шараларды ұйымдастырып, өткізу де орталық міндетіне жатады.
Айта кетерлігі, «Таланттарды анықтау және қолдау орталығы» 2012 жылдан бастап «Атырау облысы Білім беру басқармасының Әдістемелік орталығының ашылған «Дарын» бөлімі ретінде жұмыс істеп келген.
Айта кетейік, «Таланттарды анықтау және қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Әбілхайыр Хан даңғылы, 58 мекен-жайында орналасқан.