Белгілі бағыттарға пойыз қатынастары уақытша тоқтатылады.
Атырауда темір жол қатынастарының нақты қашан тоқтайтыны белгілі болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Атырау облысының коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Бұл туралы Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері міндетін атқарушы Сүлеймен Əубəкіров № 52 қаулыға енгізілген өзгерістер туралы өткен онлайн брифингте мәлім етті.
Яғни, белгілі бағыттарға пойыз қатынастары Атырауда 11 шілде күнгі 00 сағат 00 минуттан бастап уақытша тоқтатылады.
«Алматы қаласы, Ақтөбе және Маңғыстау облыстары бағыттары бойынша жолаушылар темір жол тасымалдары тоқтатылсын» - делінген қаулыда.
Еске сала кетелік, елімізде республика бойынша барлық өңірлерде екі аптаға карантиндік шектеу жарияланды.