Атырауда тұрғын үйлердің бірінде жарылыс болды

0
575

Зардап шеккендер бар.


Атырауда тұрғын үйлердің бірінде жарылыс болды

ERNUR.KZ. Атырау қаласында төтенше жағдай. Тұрғын үйлердің бірінде жарылыс болып, салдарынан 2 адам зардап шекті, деп жазады exk.kz.

Оқиға қаладағы "Жұлдыз" мөлтек ауданында болды. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. Дерекке сүйенсек, жарылыс газды-ауа қоспасының салдарынан болған.

Жарылыс нәтижесінде шатырдың құлауы, тұрмыстық заттардың және үйдің керме төбесінің жануына әкелді. Салдарынан 1973 жылғы үй иесі және 1974 жылғы жұбайы күйік алып, облыстық ауруханаға жеткізілген, - делінген ақпаратта.

Жарылыс салдарынан өртке ұласқан тұрғын үйді сөндіруге 9 қызметкер мен 2 бірлік техника жұмылдырылған. Түнде тұтанған от таңға жуық сөндірілді.