Атырауда үш адам уланып, қайтыс болды

0
906

Олар 1927, 1971 және 1978 жылғылар.


Атырауда үш адам уланып, қайтыс болды

ERNUR.KZ. Атырауда 10 желтоқсанда екі ер және бір әйел адамның мәйіті табылды, деп жазады Tengrinews.kz.

17:30 шамасында Жұлдыз ықшамауданындағы жеке үйде үш адамның мәйіті табылған. Олар 1927, 1971 және 1978 жылғылар.

"Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабы ("Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету") бойынша жүріп жатыр", - делінген Атырау облыстық ПД баспасөз хабарламасында.

Әзірге олардың неден уланғаны айтылған жоқ. Болжаммен газға уланған.