Атыраудағы өртте күйіп қалған әйел мен 3 жасар баланың жағдайы әлі де ауыр

0
593

2 қаңтарда Атырауда тұрғын үйде газ жарылып, 5 адамды күйік шалды.


Атыраудағы өртте күйіп қалған әйел мен 3 жасар баланың жағдайы әлі де ауыр

ERNUR.KZ. Атырауда тұрғын үйде газ-ауа қоспасы жарылып, бір отбасының 5 адамын күйік шалған еді. Облыстық аурухананың жансақтау бөліміне түскен ерлі-зайыптылар мен үш айлық сәби көз жұмды. Қазір жансақтау бөлімінде жатқан әйел мен 3 жасар баланың жағдайы әлі де ауыр күйде қалып отыр, деп жазады inform.kz.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде 2001 жылғы әйел жатыр. Ал, облыстық ауруханасының жансақтау бөлімінде 3 жасар бала бар.

«Науқастардың жағдайы әлі де ауыр. Олар ауруханалардың жансақтау бөлімінде жатыр. Әзірге ешқандай өзгеріс жоқ. Дәрігерлер науқастардың жағдайын бақылауда ұстап отыр», - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, 2 қаңтарда Атырауда тұрғын үйде газ жарылып, 5 адамды күйік шалды.

Тұрғын үйдегі газ-ауа қоспасының дүмпуінен соң өрт тұтанған. Дүмпудің салдарынан тұрғын үйдің 9 шаршы метр қабырғасы құлап, 140 шаршы метр алаңы жанып кеткен. Өрттен зардап шеккен бес адам аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды.

Бір күннен кейін күйік шалған ер адам, одан соң екінші адам қайтыс болды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі растаған дерекке қарағанда, ауруханада қайтыс болғандар — ерлі-зайыптылар.

Дәрігерлердің бағалауынша, ересек адамдардың денесінің 90-95 пайызын күйік шалған.
Атырау облыстық балалар ауруханасы директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Ержан Есболаевтың айтуынша, екі бала жансақтау бөліміне өте ауыр жағдайда түскен.

«Екі баланың денесінде 80-90 пайыз шамасында күйік бар. Балалар жасанды тыныс алу құрылғысына қосылды», - деген еді Ержан Есболаев.

Аурухананың жансақтау бөліміндегі үш айлық сәби көз жұмды.