Атырауға коронавирусты емдеуге арналған дәрі-дәрмектер жеткізілді

0
738

3 тонна көлеміндегі препараттар Атырау облысы әкімдігінің ұйымдастыруын «Теңізшевройл» компаниясы ұшағымен Атырауға шұғыл жетекізілді.


Атырауға коронавирусты емдеуге арналған дәрі-дәрмектер жеткізілді

«14 шілдеден 15 шілдеге қараған түні Атырауға медикамент тиелген жүк ұшағы келіп қонды» деп хабарлайды ERNUR.KZ Атырау облыстық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Кеше мелекеттің қолдауымен Үндістаннан Алматыға COVID-19 инфекциясын емдеуге арналған дәрілер жеткізілген болатын. 3 тонна көлеміндегі препараттар Атырау облысы әкімдігінің ұйымдастыруын «Теңізшевройл» компаниясы ұшағымен Атырауға шұғыл жетекізілді. Қазіргі кезде уақытша тапшы болып тұрған 15 түрлі дәрі – дәрмектер дәріханалар желісіне таратылады. Өйткені, Атыраудағы емдеу мекемелері қажетті медикаментпен 94%-ға қамтамасыз етілген.

«Қазақстан Президентінің тапсырмасымен аймақта дәріханалар желісін қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыстар атқарылуда. Бүгін таңда арнайы жүк ұшағымен үлкен көлемде дәрі жеткізілді. Атырау облысы әкімінің міндеттеуіне сәйкес, өткен аптадан бері облыс дәріханаларын дәрі-дәрмекпен шұғыл қамтамасыз ету бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Тұрғындар сұранысы толықтай қамтамасыз етілгенше, дәріханаларға дәрі-дәрмек жеткізу жалғаса береді» деді Атырау облысы әкімінің орынбасары Ержан Әбілханов.

Дәріханаларға медикаменттерді жеткізу жұмысы бүгін басталады. Сонымен бірге, осы жұма күні медикаменттің тағы бір партиясы жүк көлігімен жеткізіледі деп күтілуде. Осылайша, дәріханаларды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар тұрақты жалғаса береді.