Атышулы Назар Роллан көлікте қазақ қызын шешіндірді (видео)

0
46 358

Омырауын қолымен жауып отырған қыз көшеде жүрген адамдардан жасқанбай, өзі қиналған сұрақтардың жауабын табуға көмек сұрайды.


Атышулы Назар Роллан көлікте қазақ қызын шешіндірді (видео)

ERNUR.KZ. Желіде тәртіп бұзушылығымен танылған Назар Роллан тағы да дауға қалды. Әл-Фараби даңғылында көлігімен жолдың қарама-қарсы жолағында жүрген жігіт бұл жолы бойжеткенді шешіндірген. Жас қыз төстартқышын шешіп, омырауын қолымен жауып отыруға "мәжбүр" болды, деп жазады kaz.nur.kz.

Желідегілердің ашуын тудырған жағдай Назар Ролланның Youtube бағдарламасы кезінде орын алған.

Жігіт бойжеткенді айтқан мекен-жайына апарып тастауға келісіп, оған өз шартын қояды.

Оған сәйкес, 21 жастағы қыз қажетті нүктесіне жеткенше Назар қойған сұрақтарға дұрыс жауап беруге тиіс болады. Қателескен жағдайда ол бір киім элементін шешуге міндеттелген.


Бастапқыда дұрыс жауап бере алмаған кезінде ару үстіндегі киімі мен шұлықтарын шешкен. Алайда, соңына қарай қателескен сылқым төстартқышын шешуге келіседі.

Омырауын қолымен жауып отырған қыз көшеде жүрген адамдардан жасқанбай, өзі қиналған сұрақтардың жауабын табуға көмек сұрайды.

Аталмыш видеоға жазылған пікірлердің жартысынан көбі негативті тұрғыда жазылған. Желідегілер қазақ қызының бұл қылығына шүйлікті.

Бойжеткенді шешінуге итермелеген Назар Роллан да аяусыз сынның астында қалды.

"Қазақ қызы үшін ұялып отырмын" , " Масқара қалмағаны осы еді" , "21 жаста екен. Қандай ақымақ" , "Айтарға сөзім жоқ. Ұят" , - деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, Назар Роллан желіде тірқатар заңбұзушылықтармен танылды. Жас жігіт Әл-Фараби даңғылымен қарсы бағытта жүйіткіп, ел ашуын тудырған болатын. Оған қоса, ол әуежайда достарымен әуежайдан чемоданға адам салып өтпек болған. Жақында желіде Назар Ролланның бір бөтелке вискимен көлік жүргізіп бара жатқан видеосы тарап кетті.