Автожолдарда қар тазалау және көктайғаққа қарсы инертті материалдарды себу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
ERNUR.KZ. Еліміздің 5 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты республикалық маңызы бар трассалардың 32 учаскесі жабық, деп жазады Azattyq Rýhy.
Республикалық маңызы бар автожолдарда қар тазалау және көктайғаққа қарсы инертті материалдарды себу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Жол қозғалысы Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында шектелді.