Ауаны зиян газбен ластайтын көлік үшін салынатын айыппұл көлемі 2.5 есе артады

0
768

Жуырда Алматыдағы көлік нөпірі көп көшелерге экобекет қойылады.


Ауаны зиян газбен ластайтын көлік үшін салынатын айыппұл көлемі 2.5 есе артады

ERNUR.KZ. Экологтар жүргізушілердің жауапкершілігін арттыратын жоба дайындап жатыр, деп жазады

"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске экология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі әзірлеуде.

Жоба авторлары Әкімшілік кодекстің ластаушы заттар шығаратын және шу деңгейі тым жоғары көлік мінгендерге қатысты 334-бабына өзгеріс енгізіп, мұндай көлік иелеріне бастапқыда ескерту жасауды не 5 АЕК айыппұл салуды, ал бір жыл ішінде қайталаса 20 АЕК төлеуге міндеттеуді ұсынды.

Қазір аталған бап бойынша жауапқа тартылғандар 2 АЕК төлейді, ал тым қатты дыбыс шығаратын машина тізгіндегендерге 334-бап бойынша айыппұл салу қарастырылмаған. Олар тек техникалық регламентке сай келмейтін көлік жүргізгені үшін жазаланады.

Естеріңізге сала кетейік, жуырда Алматыдағы көлік нөпірі көп көшелерге экобекет қойылады. Онда тәулігіне 500 автокөлік тексеріледі.