Аулаларды су басты: Жамбыл облысының үш ауданында тасқын салдарымен күрес жүргізіліп жатыр

0
1 512

Облыс аумағында 4-10 ақпан аралығында дауылды ескерту жарияланған.


Аулаларды су басты: Жамбыл облысының үш ауданында тасқын салдарымен күрес жүргізіліп жатыр

ERNUR.KZ. Күннің жылынуына байланысты Жамбыл облысының аумағында аула аумақтарын су басу басты, деп жазады sputnik.kz.

"Облыстағы ахуал бақылауда тұр. Жамбыл облысы ТЖД күштері мен құралдары су басу салдарын жою және халыққа көмек көрсету жұмыстарын жүргізу үшін тұрақты дайындыққа келтірілді", - деп хабарламады ведомстоның баспасөз қызметі.

Мәліметке сәйкес, Т.Рысқұлов, Меркі және Шу аудандарындағы бірнеше елді мекендерінде аула аумақтарын еріген қар суы басқан. ЖАО және ТЖД күштерімен аула аумақтарынан еріген қар суын сорып шығару және бұру жұмыстары жүргізілуде.

Т. Рысқұлов атындағы аудан бойынша жағдай тұрақты. Еріген қар суын сорып шығару және бұру жұмыстары жүргізілуде. 60-қа жуық адам, 6 бірлік техника және 4 мотопомпа жұмыс жүргізуде. Шу ауданында да осындай жағдай, ол жерде де облыстың ТЖД өкілдері жұмыс жүргізуде.
"Сарысу ауданында бір аула аумағынан су айдау жұмыстары жүргізілуде. Жүргізіліп жатқан жұмыстар тұрақты бақылауда. Т. Рысқұлов атындағы ауданның бірқатар елді мекендеріндегі жұмыс аяқталғаннан соң, күштер мен құралдар кезекшілік атқару және қажетті жұмыстарды жүргізу үшін Жақсылық ауылына жіберілді", - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, облыс аумағында 4-10 ақпан аралығында дауылды ескерту жарияланған.