Әулиекөлде орман өртінен зардап шеккендерге арналған үйлердің құрылысы аяқталды

0
629

91 тұрғын үй пайдалануға дайын. Олардың барлығына жарық, газ және су берілді. Тіпті интернет желісі де тартылды.


Әулиекөлде орман өртінен зардап шеккендерге арналған үйлердің құрылысы аяқталды

ERNUR.KZ. Әулиекөлде орман өртінен зардап шеккендерге арналған үйлердің құрылысы аяқталды, деп жазады sputnik.kz.

91 тұрғын үй пайдалануға дайын. Олардың барлығына жарық, газ және су берілді. Тіпті интернет желісі де тартылды. Жаңа ауданға асфальт та төселген.
Құрылысты 16 мердігер мекеме жүргізді. Тағы бір айта кетерлігі, зардап шеккен барлық отбасы қоғамдық қорлардан материалдық және гуманитарлық көмек алды.
Естеріңізге сала кетейік, Қостанай облысында ірі табиғи өрт 2-10 қыркүйек аралығында болды. Жалын 43 мың гектардан астам аумақты шарпыған. Салдарынан екі елді мекендегі 91 үй зақымданды.
Үкімет әкімдік пен мердігерлердің алдында құрылыс жұмыстарын белгіленген мерзімде – 2 айда сапалы аяқтау міндетін қойған болатын. Бұл мәселе мемлекет басшысы мен үкіметтің ерекше бақылауында.