Әулиекөлдегі өрттен зардап шеккен тұрғындар қоныс тойын тойлады

0
649

Аудан орталығы Әулиекөлде "Бірлік" шағын ауданы бір жарым айда бой көтерді.


Әулиекөлдегі өрттен зардап шеккен тұрғындар қоныс тойын тойлады

ERNUR.KZ. Алапат өрттің салдарынан баспанасыз қалған тұрғындарға жаңа үйлердің кілті табысталды, деп жазады inbusiness.kz.

Аудан орталығы Әулиекөлде "Бірлік" шағын ауданы бір жарым айда бой көтерді. Осы қысқа мерзімде барлық коммуникациямен қамтылып, көшесі асфальтталған 91 үй толық салынып бітті. Барлық үй төрт бөлмелі, аумағы 100 шаршы метр. Жарық, газ, орталық су желісімен қамтылған.

Қыркүйектің басындағы алапат өртте жүзге жуық отбасы бар жиғанынан бір күнде айрылып баспанасыз қалды. Зардап шеккен азаматтарды далада қалдырмау үшін дереу құрылыс жұмыстары басталды. Жұмысты қысқа мерзімде, қыс түскенше аяқтау міндеті тұрды. Көпшіліктің көкейінде басталған іс уақытында тиянақты аяқтала ма деген күмән да болды. Алайда күдік сейілді. Өңір басшысы Архимед Мұхамбетов баспана кілтін табыстап, құрылысшыларға алғысын айтты.

"Күн суып кете ме, не болады деп қорықтық. 1 айдай жылап сықтап жүрдік. Кейін осы үйлерді көріп көңіліміз орнықты. Кілтті алғасын қуаныштан ауызға сөз түспей тұр. Қуаныштымыз" - дейді жергілікті тұрғындар.