Ауыл шаруашылығы министрлігіне қатысты тергеу басталды

0
386

АШМ тауық жұмыртқасын өндірушілерге субсидияларды бөлу кезінде заңнаманы бұзған.


Ауыл шаруашылығы министрлігіне қатысты тергеу басталды

ERNUR.KZ. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі құс фабрикаларының өтініштерін қарау қорытындылары бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігіне қатысты мемлекеттік органның бәсекелестікке қарсы іс-қимыл белгілері бойынша тергеуді бастады, деп жазады Azattyq Rýhy.

ҚР АШМ тауық жұмыртқасын өндірушілерге субсидияларды бөлу кезінде монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны анықталды. Тергеу нәтижелері бойынша тиісті баға берілетін болады.

Бұдан бөлек, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне келіп түскен өтініштің негізінде ҚР АШМ Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендiру ережелеріне талдау жүргізілді, онда малға арналған сәйкестендiру құралдарын (құлақ сырғаларын) әлеуетті жеткізушілерiне қойылатын талаптар қамтылған.

«Белгілі болғандай, бұл Ережелер әлеуетті жеткiзушiлердiң мемлекеттік сатып алуларға қатысуын шектейдi, өйткені онда ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендiру жүргізуге арналған құралды сертификатталған өнімі жануарлар туралы жазбаларды жүргізу жөніндегі халықаралық ұйымның (ICAR) интернет-ресурсында ұсынылған өндірушілер дайындайды делінген. Ал Қазақстан нарығында өнімдері ICAR интернет-ресурсында көрсетілмеген малға арналған құлақ сырғаларын өндірушілер бар», - делінген хабарламада.

Анықталған фактілер негізінде ҚР АШМ-ға монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілерін жою туралы ескерту енгізілді. Ескерту заңнамада белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда агенттік тергеп-тексерудiң жүргiзiлуiне бастамашылық етедi.