Ауыл шаруашылығы вице-министрі жаңадан тағайындалды

0
526

Бұл лауазымды қызметке Руслан Ерғалиұлы Манатаев тағайындалды.


Ауыл шаруашылығы вице-министрі жаңадан тағайындалды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Руслан Ерғалиұлы Манатаев ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Руслан Манатаев 1984 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. 2005 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ мемлекеттік экономика университетін, 2017 жылы — М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын, 2020 жылы — Назарбаев университетін тәмамдаған.

Әр жылдары коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеген.

2014-2017 жылдары — "Транстелеком" АҚ басқарушы директоры, президентінің кеңесшісі;

2017-2018 жылдары — "Астана — жаңа технологиялар – 2008" ЖШС директоры;

2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін "Транстелеком" АҚ АТ-шешімдер жөніндегі басқарушы директоры, телекоммуникация жөніндегі вице-президенті, басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.