Ауылдар мен шағын қалаларға несие беру ережесі өзгерді

0
190

Оның ішінде ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын лизингке беру бар.


Ауылдар мен шағын қалаларға несие беру ережесі өзгерді

фото: Пресс-служба президента Казахстана

ERNUR.KZ. Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігі ауылдар мен шағын қалаларға арналған шағын несиенің өзгерген ережесін жариялады, деп жазады sputnik.kz.
Енді бұл құжат ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын лизингке беру мәселелерін реттейді, деп хабарлады ведомство.
Лизинг өтініш берушілерге келесі шарттар бойынша беріледі:
ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын лизингке беру мерзімі – 5 жылға дейін;
лизинг нысанының ең жоғары құны 8 000 АЕК-ке дейін;
номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5%-дан аспайды;
негізгі қарызды және сыйақыны өтеу бойынша жеңілдік мерзімі лизинг мерзімінің 1/3 бөлігінен аспайды.
Айта кетері, жаңа және бұрын пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы техникалары мен жабдықтары лизингке беріледі. Лизингке ауыл шаруашылығы кооперативтері өтініш бере алады.