Автобус пен пойыз апаты: әкімдік қаза болғандар туралы хабарлады (видео)

0
2 255

Пойыз бен автобус апатының соғысқан сәттегі видеосы пайда болды.


Автобус пен пойыз апаты: әкімдік қаза болғандар туралы хабарлады (видео)

Алдын ала ақпарат бойынша Шамалған станциясындағы жол көлік оқиғасынан 2 адам мерт болып, 9 адам жараланған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Оқиға орнына қажетті көлемде жедел жәрдем көліктері жетті. Оқиға орнында тиісті сала басшылары жетті. Қарасай ауданының әкімі Жандарбек Далабаев оқиға орнында. Жақын арадағы ауруханалар күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Қосымша ақпарат толықтырылып беріледі" - дейді Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Азаматтық қорғау органдарының ақпараты бойынша Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінде жедел штаб құрылды.

Айта кетсек, бүгін сағат 19:20 кезінде Алматы облысы Шамалған станциясында пойыз бен автобустың соқтығысқаны туралы жазған болатынбыз.