Автожолдарды қайта жөндеу үшін 150 млрд теңге бөлінуі мүмкін

0
1 202

«2019 жылы паритетті негізде республикалық және жергілікті бюджеттен 150 млрд. теңге бөлу қарастырылған. Осылайша 2025 жылға қарай жергілікті желіліредің жағдайын 90 %-ға дейін жақсартамыз (жақсы және қанағаттанарлық жай-күйде)», - деп Жеңіс Қасымбек атап өтті.


Автожолдарды қайта жөндеу үшін 150 млрд теңге бөлінуі мүмкін

ERNUR.KZ. Бұл жөнінде Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру барысы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында баяндама жасаған Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ.

Оның айтуынша, ағымдағы жылдан бастап Министрлік қымбат күрделі жобалардан салқын ресайклинг экономикалық орташа әдісіне көшеді.

«2019 жылы паритетті негізде республикалық және жергілікті бюджеттен 150 млрд. теңге бөлу қарастырылған. Осылайша 2025 жылға қарай жергілікті желіліредің жағдайын 90 %-ға дейін жақсартамыз (жақсы және қанағаттанарлық жай-күйде)», - деп Жеңіс Қасымбек атап өтті.

Сондай-ақ, ағымдағы жылы Министрлік «Эйр Астана» авиакомпаниясымен бірлесіп Жапония, Нью-Йорк, Шанхай және әлемнің басқа да ірі қалалары бағыттары бойынша әуе қатынасын ашу жөнінде тиісті шаралар қабылдайтын болады.

«Биыл АҚШ-қа ұшу үшін аккредитация рәсімдерін бастаймыз. Министрлік «Ашық аспан» жобасы бойынша Қазақстан мен АҚШ арасында әуе қатынасы туралы үкіметаралық Келісім жобасын қол қоюға әзірледі. Қол қою биыл наурыз айына жоспарланды.» - деді министр.

Бұдан бұрын, Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ пен Жапонияға тікелей авиарейстерді ашу мәселесін пысықтауды тапсырған болатын.